Ұлыбританияда 13-ке толмаған балалардың мәліметтерін жинағаны үшін TikTok желісіне айыппұл салынды
Бұл туралы ҚазАқпарат ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
ICO мәліметтері бойынша 2020 жылы жасы 13-ке толмаған британиялық 1,4 млн бала TikTok желісін пайдаланған. Ал платформаның ережесі бойынша, жасы 13-ке толмаған балаларға онда аккауант ашуға болмайды. Біріккен Корольдіктің деректерді қорғау туралы заңнамасы бойынша 13 жасқа дейінгі балаларға ақпараттық қызметтерді ұсынатын компаниялар баллардың ата-аналары мен қамқоршыларының рұқсатын алуы керек.
«Ал TikTok платформаны 13-ке толмаған балалардың қолданатынын біле тұра, бұл талапты орындамаған. Сондай-ақ әлеуметтік желі жас балаларды желіден ажырату мен мен сәйкестендіру бойынша тиісті тексерулерді жүргізбеген»,-деді ICO өкілдері.
16 наурыз күні Ланкастер герцогтігінің канцлері Оливер Дауден Британия парламентінде сөз сөйлей отырып, Ұлыбритания үкіметінің шенеуніктердің қызметтік байланыс құрылғыларында TikTok желісін пайдалануға тыйым салынатынын айтты.
Ол сөзінде қосымшаның оны пайдаланушылардың жеке мәліметтерін, соның ішінде байланыс нөмірлері мен геолокациясын сақтап, үшінші жаққа бере алатынын айтты.
Дауден тыйым салу туралы шешім британиялық арнайы қызмет өкілдерінің кеңестерін негізге ала отырып, қабылданғанын жеткізді. Бұл ретте ол шешімнің тек шенеуніктердің жұмыс телефондарына қатысты екенін ескертті. Бұл талаптың олардың жеке телефондарына қатысы жоқ.
Қысқа видеоларды жүктеуге мүкіндік беретін TikTok желісі 2017 жылы іске қосылды, ал оның халықаралық нұсқасы 2018 жылы пайдаланыла бастады. Желінің иесі қытайлық ByteDance технологиялық компаниясы.