Ұлыбританияда 1976 жылдан бергі ең күшті құрғақшылық байқалуда
АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда 1976 жылдан бергі ең күшті құрғақшылық байқауда, деп хабарлады «Интерфакс» агенттігі.
Британдық Daily Telegraph газетінің хабарлауынша, 35 млн.-нан астам британдық құрғақшылыққа ұшыраған аймақтарда су жетіспеушілігінен зардап шегіп отыр.
Британдық қоршаған ортаны қорғау мамандары құрғақ ауа райы суды пайдалануды шектеуді енгізуге әкеп соғуы мүмкін деп пайымдайды. Ұлыбританияның қоршаған ортаны қорғау министрі Кэролайн Спелман мүмкіндігінше суды үнемді пайдалану қажеттігін атап өтті, өйткені құрғақшылыққа барған сайын елдің жаңа аудандары тап болуда. Оның айтуынша, суды үнемдеу жауапкершілігін барлығы бірдей көтеруі тиіс.
1976 жылы Ұлыбритания ХХ ғасырдағы ең күшті құрғақшылық салдарын басынан кешкен болатын. Онда өзендер мен тоғандардағы су деңгейі мүлде төмен түсіп кетті. Өкімет орындары қала көшелерінде су колонкаларын орнатып, суды пайдалануды шектеуге, мектептерді жабуға мәжбүр болды.