Ұлыбританияда 30-ға жуық мектеп оқушысы түсініксіз себептермен есінен танып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда Солтүстік Йоркшир гравтығында Outwood Academy мектебінде мұғалімді қосқанда 28 адам ауруханаға жеткізілді. Бұл кеше, 11 қараша, түстен кейін орын алды.

Ұлыбританияда 30-ға жуық мектеп оқушысы түсініксіз себептермен есінен танып қалды

11-16 жас аралығындағы мектеп оқушылары естерінен танып құлағаны анықталды.

Оқушылар мен оқытушының өздерін жайсыз сезінуіне не себеп болғаны белгісіз күйінде қалып отыр. Жергілікті БАҚ жазғандай, бұл ауданда ауаға химикат тарап, улы бу салдары осындай жағдайға әкелуі мүмкін.

Істің мән-жайы анықталғанша, мектеп жабылды.

Жергілікті полиция басқармасы құқық қорғау органдарының қызметкерлері медиктермен, өрт сөндірушілермен бірлесіп жұмыс істеуде. Олар жаппай есінен танудың себептерін анықтауға тырысуда, деп жазады шетелдік БАҚ.