Ұлыбританияда COVID-19-дың жаңа толқыны қашан басталатыны болжанды

ЛОНДОН. ҚазАқпарат - Коронавирус инфекциясының таралуының жаңа өршуі күзде болуы мүмкін. Бұл болжамды Ұлыбритания Ұлттық статистика басқармасының басшысы Иэн Даймонд 14 наурыз күні айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлыбританияда COVID-19-дың жаңа толқыны қашан басталатыны болжанды

«Күзде инфекцияның жаңа толқыны болатынына күмәнім жоқ», - деді Ұлыбритания Ұлттық статистика басқармасының басшысы Иэн Даймонд «Би-би-си» телеарнасында.

Маманның айтуы бойынша, COVID-19-дың келесі толқыны қашан болатынына болжам жасау үшін қолданылатын вакциналардың тиімділігін түсіну маңызды.

«Біз бұл вирустың ешқайда кетпейтінін мойындауымыз керек», - дейді ол.

4 наурызда The Mirror басылымы Ұлыбританияда коронавирус инфекциясының жаңа штамы пайда болғаны туралы жазған болатын. Басылымда COVID-19-дың бұл нұсқасында оңтүстікафрикалық және бразилиялық мутациямен ортақ ұқсастығы бар екендігі айтылған. Ол кезде вирустың осы түрімен 16 адам ауырғаны белгілі болды және олар оқшауландырылған еді.