Ұлыбританияда друидизм ресми дін болып танылды
АСТАНА. Қазанның 4-і. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда друидизм дін мәртебесіне ресми ие болды,
деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
Үкіметтік комиссиялардың бірі «Друидтер желісі» деп аталатын және пұтқа табынушылықты насихаттайтын шағын қоғамдастықты дін құндылықтарын насихаттаумен айналысатын қайырымдылық ұйымдарының тізіміне енгізе отырып, друзидизмге ресми мәртебе беріп отыр. «Друидтер желісі» ресми мәртебемен қоса, салықтық бірқатар жеңілдіктер алды және өзі жүргізетін барлық қаржылық операциялар бойынша толық есеп беруге міндеттенді.
Комиссияның қарауына ұсынған қоғамдастықтың жарғысында айтылғандай, қазіргі заманғы друидтердің сенімі бойынша олар табиғатқа табынады: «...себебі құдайлар - табиғаттың күштері, табиғаттың әрбір құбылысынан құдайдың өзін көруге болады».