Ұлыбританияда елдің ЕО-ға мүшелігі туралы референдум басталды

Дауыс беру құқығы бар 46,5 млн британдық азаматтық борышын орындауға және Лондон мен Брюссель арасындағы алдағы қатынастары туралы пікірін білдіруге 15 сағат беріледі. Сайлаушылар сайлау тарихындағы рекордық санды көрсетті. Англияда ең көп - 38,96 млн адам тіркелді. Одан кейін Шотландия - 3,99 млн, Уэльс - 2,27 млн, Солтүстік Ирландия - 1,26 млн және Гибралтар - 24 мың адам, деп хабарлады ТАСС.
Бюллетенде бір сұрақ қана қойылған: «Біріккен Корольдік Еуропалық одақ құрамында қалуы тиіс пе6 әлде Еуропалық одақтан шығуы қажет пе?».
Әр оныншы британдық қандай таңдау қажеттігін білмейді десе болады. Сайлау нәтижесі Лондон мен Брюссель арасындағы келешек қатынастарды ғана айқындап қоймай, сонымен бірге соңғы 61 жылда кемімей, тек ұлғайған ЕО тағдырын да шешеді.
Халық таңдауының алғашқы нәтижелері жұма таңертең белгілі болады.