Ұлыбританияда электр энергиясы 80% қымбаттайды

ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Электр энергиясының бағасын реттейтін Ofgem компаниясы бағаның 80% өскенін мәлім етті. Бұл тариф бойынша төлем тұтынушылардан биылғы жылдың қазан айынан бастап алына бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews сайтына сілтеме жасап.

Ұлыбританияда электр энергиясы 80% қымбаттайды

Бұрын бір үй электр энергиясы үшін жылына 2 мың фунт төлейтін болса, енді бұл көрсеткіш 3550 фунтқа дейін жететін болады.

Электр энергиясына деген бағаның осыншалық өсімі елдегі 10% инфляцияға қарамастан Ұлыбританияда негізгі тұтыну тауарларына деген шығынды көбейтеді.

Үкімет бұл ретте Парламентке сатып алу қабілеті төмендеп бара жатқан тұрғындарға әлеуметтік көмек пакетінің жобасын ұсынуға мәжбүр болады.



Фото:lat.egemen.kz