10:09, 25 Желтоқсан 2013 | GMT +5
Ұлыбританияда хирург науқастардың бауырына өз аты-жөнін жазып отырған
АСТАНА. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның Бирмингем қаласында науқастардың бауырына өз аты-жөнінің бас әріптерін жазды деп айыпталған хирург тергеу аяқталғанша жұмысынан босатылды.

Оның бұл әрекетін хирургтың бұрын ота жасаған науқасына қайта ота жасаған дәрігерлер көрген.
Кейбір мәліметтер бойынша, хирург өз аты-жөнінің бас әріптерін жазу үшін уландырмайтын аргон газын қолданған, деп хабарлайды Би-Би-Си тілшісі.
Аурухана болған жағдайға байланысты тергеу жүргізіп жатыр.