Ұлыбританияда иттердің жаппай қырылуы тіркелді

АСТАНА. 1 маусым. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда иттердің жаппай қырылуы тіркелді, деп хабарлады Утро.ру.

Ұлыбританияда иттердің жаппай қырылуы тіркелді

Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, Солтүстік Йоркширдегі Кросс Хиллз деревнясында бір апта ішінде 16 ит өліп қалды. Олардың көбі жергілікті алаңқайлардың бірінде серуендегеннен кейін 20 минут өткенде қатты қиналып, өлген.

Қазіргі уақытта мамандар иттердің өлімін зерттеуде. Иттердің өліміне ұлулар мен шырышты ұлулардың, улы саңырауқұлақтардың әсері болуы мүмкін деген болжам айтылуда. Сонымен қатар иттер серуендеген алаңқайдағы су тоғанында улы заттар болуы мүмкін деген жорамал жасалып отыр.