17:46, 21 Маусым 2021 | GMT +6
Ұлыбританияда қазақстандық пара дзюдошылар 3 медаль иемденді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда пара дзюдодан IBSA Гран-при жарысы өтті. Жарыста Қазақстан тарапынан 12 спортшы ел намысын қорғап, 3 медаль иемденді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық Паралимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Аманжол Жанбота
Жақын уақытта дзюдоның төрешілері осыған дейін өткен жарыстардың нәтижесін қосып, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарын» таңдап, Токио 2020 паралимпиадалық ойындарына жолдама иегерлерін аңықтайды.