Ұлыбританияда коронавирусқа қарсы вакцинаны бірінші болып 91 жастағы әжей салдырды
ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Ұлыбританияда сейсенбі күні коронавирус инфекциясына қарсы жаппай вакцинациялау басталды. Ең алдымен екпені қауіп-қатер тобында тұрғандар алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews агенттігіне сілтеме жасап.
Қауіп-қатер тобындағылар: медициналық-әлеуметтік мекеме қызметкерлері мен егде жастағы адамдар.
Келесі аптада 91 жасқа толатын зейнеткер Маргарет Кинан:
«Менің айтарым мынау - екпе жасатыңыздар. Вакцина алып, өздеріңізді қорғаңыздар, бұл тегін жасалады. Мен екпе алдым, ендеше сіздер де жасата аласыздар. Бұл – жаман ауру. Егер біз эпидемияны тоқтатқымыз келсе, COVID-19-ға қарсы екпе алу арқылы сақтық шараларын қабылдауымыз керек», - дейді.
Бүгінгі күнде Ұлыбритания, әсіресе, егде жастағылар арасында киронавирус инфекциясынан болатын өлім жағдайларының саны бойынша әлемде көш бастап тұр.