Ұлыбританияда күн сайын есірткіге тәуелді 4 нәресте дүниеге келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәбилер ана құрсағында жатып-ақ есірткіге тәуелді болуы мүмкін. Бұл туралы The Mirror хабарлайды.

Ұлыбританияда күн сайын есірткіге тәуелді 4 нәресте дүниеге келеді

Басылымның өзі жүргізген ірі зерттеуінің негізінде жазуынша, Ұлыбританияда күн сайын дүние есігін ашқан нәрестелердің төртеуінен героинге, кокаинге және басқа да есірткі түрлеріне тәуелділік анықталады екен. 2009 жылдан бері бұл елде сондай 5800 бала жарық дүние есігін ашқан. Бұл жан түршігерлік мәліметтер олардың аналарының жүктілік кезінде есірткі қабылдауларының салдарынан болатын жағымсыз әсермен түсіндіріледі.

The Mirror келтірген мәліметтерге сүйенсек, жыл сайын жаңа туған 1500 нәрестенің өмірінің алғашқы сағаттарында-ақ олардан абсистентті синдром белгілері байқалады. Тіпті, кей жағдайларда медицина қызметкерлері сәбилерге олардың героинге тәуелділігін азайту үшін апиын алколоидтарын беруге тура келеді екен.