Ұлыбританияда Мона Лизаның аса үлкен суреті салынды

АСТАНА. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда Леонардо да Винчидің «Мона Лиза» суретінің 240 метрлік көшірмесі салынды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента. Ру сайтына сілтеме жасап. Картина Париждің Луврына қойылған түпнұсқадан 50 есе және бұған дейін ең үлкен деп саналып келген көшірмеден екі есе үлкен.

Да Винчи жұмысының көшірмесі Уэльстегі Рексхем қаласында орналасқан сауда орталығына қойылды. Оны жасауға 245 адам атсалысты, жұмыстың жалпы жиыны 987 сағатты құрады, 86 литр бояу жұмсалды. Картинаны әзірлеуге мүмкіндігі шектеулі адамдар да қол ұшын берді.

  Суретшілер бейнені 8 бөлікке бөліп, картинаны акрил бояуымен салған. Әр бөлікте белгілі бір қылқалам шеберлері жұмыс істеді.

 Сауда орталығы менеджерінің айтуынша, көшірменің түпнұсқаға қарағанда артықшылықтары көп. Біріншіден, келушілер картинаны тамашалағыны үшін ақша төлемейді, екіншіден, оны қолмен ұстап көруге болады.

Соңғы жаңалықтар