Ұлыбританияда ондаған адам Маргарет Тэтчердің қайтыс болғанына қуаныштарын білдіру үшін көшеге шығып митинг өткізді

АСТАНА. 10 сәуір. ҚазАқпарат - Англияның оңтүстік-батысында Маргарет Тэтчердің өлімін тойлағандардың митингі өтті, деп хабарлайды Утро.ру.

Ұлыбританияда ондаған адам Маргарет Тэтчердің қайтыс болғанына қуаныштарын білдіру үшін көшеге шығып митинг өткізді

Британдық полиция бұрынғы премьер-министрдің өлімін тойлап митинг ұйымдастырғандарға қарсы күш қолдануға мәжбүр болды.

Тәртіпсіздіктер Девон графтығына қарасты Брикстон ауданында өтті. Ондаған «Темір ханымның» қайтыс болғанына қуаныштарын білдіру үшін көшеге шыққан. Олар ұстаған плакаттардың бірінде «Маргарет Тэтчер қайтыс болды. Алақай!» деген жазулар болған.

Осыған ұқсас акциялар Шотландияда да өтті. Глазгода жүздеген адамдар көшеге шығып, шампан ішіп, көкке әуе шарларын ұшырды.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлыбританияның экс-премьері Маргарет Тэтчер 88 жасқа қараған шағында Лондонда қайтыс болды. Өлімге инсульт себеп болған.

Жақында белгілі болғандай, «Темір ханымды» жерлеу рәсімі 17 сәуірде өтеді.