Ұлыбританияда отырып ойнайтын волейболдан өткен Құрлықаралық кубокта қазақстандықтар үздік ондықтың қатарына енді

АЛМАТЫ. 18 шілде. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Шілденің 11-16 күндері Ұлыбританияның Кеттеринг қаласында отырып ойнайтын волейболдан Құрлықаралық кубок өтті.

Ұлыбританияда отырып ойнайтын волейболдан  өткен Құрлықаралық кубокта қазақстандықтар үздік ондықтың қатарына енді

Бауыржан Тахауов жаттықтыратын қазақстандық спортшылар 9-орынға табан тіреді. Олар іріктеу кезеңінде «А» тобында Бразилия, Канада, Босния және Герцеговина, Украина, Ұлыбритания құрамаларымен сынға түсіп 5-ші орын алған болатын. 9-11 орын үшін болған сайыста Канаданы 3:2, Әзірбайжанды 3:1 есебімен ұтты. Ал ақтық сында Египет волейболшыларын ұтқан Босния және Герцоговина құрамасы жеңімпаз атанды. 3-8 орынды Ресей, Бразилия, Украина, Қытай, Ұлыбритания және АҚШ өзара бөлісті. Ал Канада мен Әзірбайжан волейболшыларын артқа тастаған қазақстандықтар 9-шы орынды қанағат тұтты.