Ұлыбританияда пластикалық ақшалар айналымға түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шотландиядва Ұлыбританиядағы алғашқы пластикалық ақшалар айналымға түсті. Бес фунттық купюраларды өз банкноттарын шығаруға құқылы жергілікті Clydesdale коммерциялық банкі басып шығарды, деп хабарлады Лента.ру.
Барлығы екі миллионға жуық осындай купюраларды шығару жоспарлануда. Пластикалық ақшаларды шығару Ферт-оф-Форт шығанағы арқылы өтетін көпірдің 125 жылдығына орайластырылып отыр. Банкнотта осы құрылысты салған инженер Уильям Аррол бейнеленген.
2016 жылы полимер материалдарынан жасалған ақша Англияда айналымға түседі. 2013 жылғы желтоқсанда бес фунттық банкнотта Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Уинстон Черчилль, ал 10 фунттық купюрада - жазушы Джеймс Остин бейнеледі, деп хабарланған болатын.
Алғашқы пластикалық банкноттар 1980 жылдардың соңында Австралияда шығарылған болатын. Қазіргі кезде мұндай ақшалар Израиль, Жаңа Зеландия, Канада және Қытай сияқты 20-дан астам елдерде қолданылады.
Полимер материалдарынан жасалған купюралар қағаз ақшалардан қымбат, бірақ та ылғал мен кірдің әсеріне ұшырамайтындықтан 2,5 есе ұзақ қызмет етеді.