Ұлыбританияда сағыз үшін айыппұл салады

АСТАНА. 9 наурыз. ҚазАқпарат - Глазго қаласында муниципалды кеңеске дауыс беруге осындай мәселені лейбористердің өкілі Пол Кэрри шығарды деп хабарлайды lenta.ru The Evening Times газетіне сілтеме жасап.
None
None

Оның пікірінше, көшеде келе жатып сағызды жерге түкіретіндерге айыппұл салу қажет. Бірақ айыппұлдың көлемі жайлы П.Кэрри тіс жармады.

Бастама авторы түскен қаражат қаланы тазалауға жұмсалады деп отыр. Жыл сайын Ұлыбритания көшелерін сағыздан тазартуға бюджеттен 150 миллион фунт (шамамен 35 млрд. теңге - авт.) жұмсалады екен.

Милтон-Кинс қаласында да жергілікті бизнесмендер осындай тыйымды енгізуді ұсынып отыр.

Ұлыбритания сағызбен күресті бірнеше жыл бұрын бастаған. 2009 жылы елде киім мен тротуарға жабыспайтын арнайы сағыздар шығарыла бастады.

Бұл тек Ұлыбританияны ғана толғандыратын мәселе емес. Атап айтқанда, өткен жылдың мамырында біздің елде сағыз, шылым және басқа да қоқысты жерге тастауға қарсы кампания басталды. Ал Сингапурда 20 жыл бойы сағызға мүлдем тыйым салынған болатын. Тек 2004 жылы бұл елде сағыз дәріханада дәрігердің рецептімен сатылатын болды.

Соңғы жаңалықтар