07:19, 19 Наурыз 2014 | GMT +5
Ұлыбританияда Шерлок Холмстың прототипі табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда Шерлок Холмстың прототипі табылды. Ол ХІХ ғасырда Манчестерде жұмыс істеген тергеуші болып шықты.
Британ тарихшысы Анджела Бакли әдеби шығармадағы басты кейіпкер - Джер Каминада деген сенімде. Ол Англияда ХІХ ғасырдың ортасында Конан Дойл Шерлокты жазбас бұрын елге танымал болған.
Манчестерден шықан із кесуші Холмс тәрізді шытырман оқиғаның шешімін табуда, яғни қылмысты ашуда ерекше қабілетке ие болған. Жұрт күтпген шешімдер шығарған. Сондай-ақ ол қылмыс әлемінен өзіне деректер жеткізетін жүйе құра білген.
Осы айда Каминада туралы толық деректер жарық көрмек. Мүмкін бұлар Конан Дойлды қалам тартуға мәжбүр еткен де болар, деп жазады РСН.