Ұлыбританияда тарихтағы ең ірі ұрлық жасалды
АСТАНА. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат - Ұлыбритания зергерлік дүкендерінің бірінде ел тарихындағы ең ірі тонау жасалды,
деп хабарлайды РосБизнесКонсалтинг.
Полиция өкілдерінің хабарлауынша, оқиға Лондонның танымал Мэйфейр ауданында болған.
Тәртіп сақшыларының нақтылауынша, белгісіз біреулер «Graff Diamonds» зергерлік дүкеніне қарулы шабуыл жасап, 40 миллион фунт стерлингтің (46,9 миллион еуроның) дүниесін алып кеткен.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, дүкен тамыздың 6-сында тоналған, бірақ полиция енді ғана оларға іздеу жариялап отыр.
Бұл осынау дүкеннің екінші рет тоналуы. 2003 жылы екі қарулы қарақшы «Graff Diamonds» дүкенінен 23 миллион фунт стерлингтің (27 миллион еуро) бұйымын ұрлаған болатын. Дегенмен, Ұлыбританиядағы ең үлкен тонаулардың бірі 2006 жылдың ақпан айында «Securitas Cash Management Ltd», швед инвестициялық банкінде орын алған болатын. Сол жолы тонаушылар қоймадан 53 миллион фунт стерлингті (92 миллион доллар) алып кеткен еді.