11:01, 13 Қаңтар 2010 | GMT +5
Ұлыбританияда тарихындағы ең мас жүргізуші қамауға алынды
АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның жол полициясы 15 пинта сыра (8,5 литрдей) ішіп алып, рульге отырған 29 жастағы британдықты қамауға алды,

деп хабарлайды Daily Telegraph басылымы.
Басылымның атап көрсетуінше, қамауға алынған әлгі азамат британ тарихындағы ең мас жүргізуші болып танылған. Оның деміндегі алкогольдің көлемін тексеру кезінде 100 мл демнен 191 микрограмм спирт анықталған, бұл 35 микрограмды құрайтын межелі нормадан бес есеге артық көрсеткіш.