Ұлыбританияда туннельге кіре берісте болған жол апатынан алты адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Бирмингем ауданында болған ірі жол апатынан алты адам мерт болды. Тағы бір адамның жағдайы аса ауыр, деп хабарлады ТАСС Уэст-Мидлендс ауданының жедел жәрдем қызметіне сілтеме жасап.
Оның дерегі бойынша, үш автомобиль Бристол Роад (Bristol Road) пен Ли Бэнк Мидлвэйдің (Lee Bank Middleway) қиылысындағы туннельге кіре берісте бір-бірімен соқтығысқан. Апат жергілікті уақытпен 01:00-де болған.
Қызметтің ақпараты бойынша, соқтығысудан қашқан тағы үш көлік те апатқа ұшыраған. Автомобильдердегі жолаушылардың үшеуі жарақаттанды.