Ұлыбританияда тұратын мигранттардың саны 333 мың адамды құрады

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Өткен жылы Ұлыбританияда миграциялық өсім 333 мың адамды құрады. Бұл туралы бейсенбі күні Ұлттық статистика бюросынан хабарлады.
None
None

Ведомство жариялаған мәліметтерге қарағанда, 2015 жылы миграциялық өсім 20 мың адамға көбейіп, 333 мыңды құрады. Мұны мамандар Ұлыбританиядан эмиграцияның төмендеуімен түсіндірді.

Еуроодаққа мүше елдердегі иммиграция бұл кезеңде 184 мың адамға ұлғайды, бұл осыған дейінгі көрсеткіштен 10 мыңға артық. Румыния мен Венгриядан келгендердің саны артқан.

Ұлттық статистика бюросының болжамы бойынша, Англия тұрғындары миграцияның осы деңгейі сақталған жағдайда алдағы сегіз жылда 7,5% дейін ұлғаяды.

2024 жылға қарай Лондон тұрғындарының саны 13,7%, Англияның шығыс бөлігіндегі тұрғындар саны 8,9%, оңтүстік-шығыстағы тұрғындар саны 8,1% өсетіні аталып өтілді.

Еске сала кетейік, ЕО елдерінен миграция және мигранттардың құқықтары туралы мәселелер - Еуропалық одақтан Біріккен корольдіктің шығуы туралы референдум қарсаңындағы пікірсайыстарда талқыланатын мәселелердің бірі. ЕО құрамындағы Ұлыбританияның тағдыры туралы жиын (плебисцит) 23 маусымда өтеді.

Соңғы жаңалықтар