Ұлыбританияда ұшаққа найзағай түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда ұшаққа найзағай түскен соң ол жедел түрде қонуға мәжбүр болды. Лодондағы (Ұлыбритания) Гатвик әуежайынан ұшып шығып Монтего-Бейге (Ямайка) бет алған Virgin Atlantic ұшағы әуеге көтерліген соң бірнеше минуттан соң-ақ найзағайға тап болды, деп хабарлады ақпарат агеттіктері.

Ұлыбританияда ұшаққа найзағай түсті

Boeing-747 әуе кемесінің командирі жердегілерге хабар беріп, жанармайды тексеріп, ұшып шыққан әуежайға қайта қону туралы шешім қабылдаған, деп жазады belta.by.

Virgin өкілі мұның мұхит арқылы ұшып өту алдында қауіпсіздік үшін қажетті шара болғандығын айтты. Ұшқыш тәуекелге бел бумай, Гатвикке қайта қонуды жөн санаған. Жолаушылар қажетті жерге жақын уақытта жететін болады.