12:24, 26 Сәуір 2011 | GMT +5
Ұлыбританияда «ядро-адам» мерт болды
АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - Англияның оңтүстігінде «ядро-адам» трюгін орындау барысында 23 жастағы каскадер қаза тапты, деп жазады The Daily Mail.
Қайғылы оқиға 25 сәуірде Кент графтығының, Детлинг елді мекенінде Пасха мейрамын атап өтуге арналған іс-шара барысында орын алды. Трюк «Скотт Мэй каскадерларының ақылға сыйымсыз шоуы» аясында орындалған болатын.
Жас жігітті 12 метр биіктікке ұшырып еді, ол сақтандыру торына қонудың орнына жерге құлады. Шоуды жүздеген адам көрген болатын. Құлағаннан кейін каскадер ауруханаға дереу жеткізілді, бірақ біраз уақыттан кейін көз жұмды.