Ұлыбританияда зейнеткерлік жасты 69-ға дейін көтермекші
АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда зейнеткерлік жас ресми түрде 2030 жылға қарай 68-ге дейін, ал 2040 жылға қарай 69 жасқа дейін көтерілмек. Бұл туралы елдің қаржы министрі Джордж Осборн мәлімдеді, деп жазады Лента. ру.
Министрдің сөзіне қарағанда, бұндай шешім қабылдау қиын болғанмен, өте қажет болып тұр. Өйткені зейнеткерлік жас адам өмір сүруінің ұзақтығына байланысты. Ал Ұлыбританияда бұл көрсеткіш жылдан-жылға өсіп келеді. Сондай-ақ бұл - мемлекеттің қаржысын тұрақтандыру үшін қажетті шара. Соңғы жылдары Ұлыбританияда бюджет жетіспеушілігі орын алуда. Мемлекет қарызы ЖІӨ 50 пайызынан 90 пайызына дейін өсіп кетті.