Ұлыбританияда жаңартылатын энергия көмір мен газдан көп өндірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат -Жаңартылатын энергия көзі алғаш рет Ұлыбритания электр энергиясы қажеттілігінің 50,7 пайызын (немесе 18,7 гигаватт) қамтамасыз етті. 

Ұлыбританияда жаңартылатын энергия көмір мен газдан көп өндірілді

Мұндай энергия көздеріне жел, күн панельдері, гидростанциялар және ағаш үгінділерін жағу жатады. Егер ядролық энергияны қосар болсақ, көрсеткіш 72,1%-ке жетеді. Бұл жайлы ел аумағында энергия өндірумен айналысатын National Grid операторы хабарлады.

Рекорд өткен сәрсенбіде тіркелді, оған ауа райының қолайлы болуы септігін тигізді: күн ашық және қатты жел тұрды. Алғаш рет ядролық энергия және күннен алынатын қуат көзі газ бен көмірді қоса алғандағы көрсеткіштен артық энергия өндірді.

Алайда, жел және күн станцияларының  тиімділігі ауа райына тікелей байланысты болғандықтан, олардың жұмысының нәтижесі тұрақты бола бермейді. Келесі күні энергияның негізгі көзі қайтадан газ және көмір станцияларына ауысты.