Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ұлыбританияда жарылыс болып, 30-дан астам адам жараланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның Мерсисайд графтығы Уиррел ауданында жарылыс болып, шамамен 32 адам жараланды, деп хабарлайды Lenta.ru.

Ұлыбританияда жарылыс болып, 30-дан астам адам жараланды

Дәрігерлердің айтуынша, 30 адамның жарақаты аса ауыр емес, ал жапа шеккендердің екеуі ауруханаға жөнелтілді. Қаза тапқан адамның бар-жоғы туралы дерек жоқ.

Жергілікті өрт сөндіру қызметінің хабарлауынша, жарылыс би студиясында болған. Куәгерлер ғимарат толықтай қирағанын айтады, сондай-ақ көрші ғимараттарға да зақым келген.

Жарылыс болған жерде полиция жұмыс істеп жатыр, олар жарылыстың нақты неден болғанын анықтау үстінде.

Оқиға 25 наурыз күні жергілікті уақыт бойынша 21:15-те болған.