Ұлыбританияда жасына жетпей қартайып кеткен қыз қайтыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда сирек кездесетін генетикалық сырқат - прогерияға ұшыраған Хэйли Окинс Бексхилл қаласындағы (Шығыс Сассекс графтығы) өз үйінде қайтыс болды, деп хабарлады Лента.ру.
None
None

Өлімнің себебі өкпенің қабынуы болды.

Прогерия салдарынан организм сегіз есе тез қартаяды, 17 жастағы қыздың бет әлпетін 104 жастағы кемпірдің бет-ажарындай болып, әжім басып кеткен. Дәрігерлер мұндай диагнозбен Окинс 13 жылдан артық өмір сүре алмайды, деп ескерткен болатын, бірақ олар төрт жылға қателесті. Соңғы кезде ол АҚШ-та инновациялық препараттармен емдеу курсынан өтіп жүрген болатын. Алайда ол өкпе қабынуы сырқатына ұшырап, үйіне қайтуға мәжбүр болды.

14 жасында Окинс өзінің ғұмырнамасын жариялады. Сондай-ақ мезгілінен бұрын қартаю жөніндегі деректі фильмге түсті, The Washington Post басылымының жазуынша, ол көп саяхаттады, принц Чарльзбен, Кайли Миноугпен және Джастин Бибермен кездесті.

Прогерия - сирек кездесетін ауру, оның салдарынан адамның терісі мен ішкі органдары өзгеріске түседі. Әлемде осындай сырқатқа ұшыраған 80-ге тарта адам өмір сүруде.

Соңғы жаңалықтар