Ұлыбританиядағы аса бай әйелдердің бірі өз үйінде өлі табылды

АСТАНА. 11 шілде. ҚазАқпарат - Ұлыбританиядағы ең бай әйелдердің бірі, Tetra Pak орауыш империясының ортақтас иесі - Ева Раузинг   Белгравиядағы үйінде өлі табылды.

Ұлыбританиядағы аса бай әйелдердің бірі өз үйінде өлі табылды

Қайғылы оқиғаға не себеп болғаны әзірше анықталмаған, алдын ала мәліметтер бойынша, бұл есірткіні шамадан тыс қолдану. Полиция өкілі әйелге улы затты сатқан 49 жастағы ер адамды ұстағаны туралы хабарлады.

  2008 жылы Ева Раузинг және оның жұбайы Ханс Кристиану Раузингу героин және кокаинді сақтау күдігімен қамауға алынған еді. Кейіннен ерлі-зайыптылардан айыптары алынып тасталды.