Ұлыбританиядағы инфляция 50 жыл ішіндегі ең жоғары көрсеткішке жетуі мүмкін

ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Экономика сарапшыларының болжамынша, энергия бағасының өсуі Ұлыбританиядағы инфляцияны келесі жылы 18%-ға дейін көтеруі мүмкін. Бұл – 50 жылға жуық уақыт ішіндегі ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News-ке сілтеме жасап.
None

Citi инвестициялық банкі инфляция 18%-ға дейін өсуі мүмкін деп мәлімдеді, ал Resolution Foundation аналитикалық орталығының экономистері ол 18,3%-ға жетуі ықтимал деп отыр. Citi болжамы жұма күні энергия тасымалдаушылардың шекті бағасы туралы хабарландыруы алдында шығарылды, онда көрсетілгендей, жеткізушілер қазан айынан бастап үй шаруашылықтарынан газ және электр энергиясы үшін ақы ала алады.

Cornwall Insight консалтингтік компаниясы қазан айынан бастап электр энергиясының әдеттегі бағасы жылына 3554 фунт стерлинг болады деп болжауда. Бірақ Citі мемлекеттік қолдаусыз шекті баға қазан айында 3717 фунт стерлингке, қаңтарда 4567 фунт стерлингке және сәуірде 5816 фунт стерлингке жетуі мүмкін деп мәлімдеді. Инфляцияны асыра бағалау газ бағасының күрт өсуіне байланысты болды, бұл барлық тауардың құнынан көрінеді. Hargreaves Lansdown аға сарапшысы Сара Коулз соңғы жылда нан, сүт, макарон өнімдері және майды қоса алғанда, 10 азық-түлік тобының бағасы 18,6%-дан астамға көтерілгенін айтты.


Соңғы жаңалықтар