Ұлыбританиядағы инфляция қазан айында 11,1%-ға дейін өсті

ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Қазан айында Ұлыбританиядағы инфляция жылдық есеп бойынша 11,1 пайызға дейін өсті. Бұл – 1981 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Британдық Ұлттық статистика қызметінің есебінде айтылғандай, бағаның қымбаттауының негізгі факторлары электр энергиясы, газ және басқа да отын тарифтерінің сондай-ақ азық-түлік құнының өсуі болып отыр.

Осыған орай, бүкіл ел бойынша әртүрлі салалардағы кәсіподақтар, соның ішінде теміржолшылар, медицина қызметкерлері, ЖОО оқытушылары, пошта қызметкерлері жалақыны көтеруді талап етіп ереуілдерге шығуда.

Сондай-ақ, елдегі инфляцияның жеделдеуінен бизнес қатты зардап шекті. Электр энергиясының қымбаттауынан британдық барлар мен мейрамханалар жұмыс уақытын қысқартуға мәжбүр болып отырғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар