Ұлыбританиядағы мұсылмандар саны христиандарды басып озды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы санақ есебі Ұлыбританиядағы христиандар саны күрт кемігенін көрсетіп отыр. Соңғы онжылдықта шіркеуге баратындардың саны бақандай 5 млн. жанға азайған.

Ұлыбританиядағы мұсылмандар саны христиандарды басып озды

Осыдан аздаған уақыт бұрын Британ мемлекеті Ислам дінін қабылдаушылардың қатары күн санап көбейіп келе жатқанын мәлімдеген болатын.

Англия және Уэльстегі халық саны соңғы санақ бойынша 3,7 млн. адамға артқан көрінеді. Алайда, бір қызығы христиан дініндегілердің саны 4,1 млн-ға кеміп, мұсылман жамағаты 1,2 млн. жанға артқан.