19:33, 27 Маусым 2016 | GMT +5
Ұлыбританиядан тағайындалған Еурокомиссар 15 шілдеде орнын босатады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританиядан Еурокомиссар Джонатан Хилл 15 шілдеде қызметінен кетеді. Бұл туралы Еурокомиссия өкілі Маргаритис Схинас хабарлады, деп мәлімдеді ТАСС.

«Комиссар Хиллдің жұмысын жоғары бағалаймыз. Өкінішке орай, ол орнын 15 шілдеде босататынын хабарлаймыз. Оның орнын Еурокомиссия басшысының орынбасары Валдис Домбровскис басады", - деп хабарлады ол.