Ұлыбританияға оқуға аттанатын студенттерге ақпараттық кеңес берілді
trong>Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ -Бүгін Алматыда «Ұлыбританиядағы Қазақ студенттерінің қауымдастығы» мен British Couincil, «Ұлыбритания университеттері түлектерінің клубы» қоғамдық бірлестіктерінің ұйымдастыруымен Ұлыбританияға оқуға аттанатын студенттерге арналған ақпараттық брифинг өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шараға British Couincil директорының орынбасары Ұлжан Қанжығалина, Ұлыбританиядағы Қазақ студенттері қауымдастығының төрағасы Әбдіғали Мерзияшев, «Халықаралық бағдарламалар орталығы»АҚ Алматы кеңсесінің бастығы Айнұр Әмірбекова қатысып, түлектерді Ұлыбритания университеттеріне оқуға түсулерімен құттықтады.Сондай-ақ оларды толғандыратын өзекті сұрақтарға жауап берді.Шараның ұйымдастырушыларының айтуынша, түрлі бағдарламалар немесе өз бетімен оқуға түскен жастар көптеген мәселелер бойынша қиындық көреді.Ол - банктен шот ашу, баратын елдің салты, заңдары деген сияқты мәселелер кез-келген студенттің алдынан шығады.
«Биылғы жылы оқуға аттанатын студенттер қиындық көрмесін деп бүгінгі ақпараттық брифингті өткізіп отырмыз.Бұл жерде Ұлыбританияда оқып жатқан 20 оқу орнынының студенттері мен бұрынғы бітірушілер бар.Олар жас студенттерге кез-келген мәселе бойынша көмек көрсетеді» дейді Ұлыбританиядағы Қазақ студенттерінің қауымдастығының төрағасы Әбдіғали Мерзияшев.
Оның айтуынша, Ұлыбританиядағы Қазақ студенттерінің қауымдастығы көмек көрсту шарасын бұнымен тоқтатпайды. «Ұлыбританияда білім алу барысында да жастарға түрлі көмек көрсету шараларын өткізіп отырамыз», дейді Ә.Мерзияшев.