Ұлыбританиялық әке баласын жылдам ұйықтатудың оңтайлы тәсілін тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбритания тұрғыны Нэйтан Дэйло сәбиін небәрі 40 секунд ішінде ұйықтатудың тамаша тәсілін ойлап тапты. Ол мұны бейнекамераға түсіріп, роликті YouTube желісіне салды, деп жазады The Mirror.
Бейнеролик бірден ғаламтор пайдаланушыларының зор қызығушылығын тудырды. Ондағы кадрларда Нэйтанның өз баласын ұйықтата алмай әуреге түскені бейнеленген. Алайда тапқыр британдық саспай, жұмсақ папирос қағазын алып, онымен нәрестенің бетінен бірнеше рет сипап өтеді. Осындай әрекеттерді 40 секунд ішінде бірнеше рет қайталаған соң бөбек қаперсіз ұйықтап кетеді.
Сәбидің әкесі бұл әрекетінің баласына әсер етуінің себептерін білмегенімен, тәсілінің тиімді екеніне сенімді.