Ұлыбританияның ең үлкен отбасында 20-шы бала дүниеге келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Британияның Хейшем қаласындағы ерлі-зайыпты Facebook әлеуметтік желісінде 20-сыншы балаларының дүниеге келетінін хабарлады.

Ұлыбританияның ең үлкен отбасында 20-шы бала дүниеге келеді

БАҚ, соның ішінде Metro олардың отбасын «елдегі ең үлкен көпбалалы отбасы» деп атады, деп хабарлайды Лента.ру.

41 жастағы Сью мен 46 жастағы Ноэль Рэдфордтар қыздары мен ұлдарының суретін жариялап, тағы бір баласының өмірге келетінін хабарлаған. Сондай-ақ, олар ультрадыбыстық зерттеудің фотосын қоса орналастырды.

Сью алғаш рет 14 жасында жүкті болған.  Кезінде жас жұбайлардың өздері ата-ана қамқорлығынсыз қалып, өзге отбасында тәрбиеленген. Сондықтан, тұңғыштарын қалдыру туралы шешім қабылдаған. Бұл отбасы Ноэль Рэдфордтың наубайханасынан түсетін табысқа күн көруде.

2016 жылдың шілде айында Рэдфордтың Фиби есімді қызы - отбасындағы 19-сәби дүниеге келді. Жанұядағы тұңғыш баланың жасы - 27-де.