Ұлыбританияның ЕО-дан шығуы бүкіл нарыққа әсер етеді - Қ.Бишімбаев

«Бұл жағдай бүкіл нарыққа әсер етеді. Өздеріңіз көріп отырғандай, референдумнан кейін мұнайдың бағасы, алтынның бағасы түсіп кетті, доллар нығайып, ағылшынның валютасы құлады, қазыналық құжаттардың қымбаттағанын көріп отырмыз. Бірақ, біздің Ұлттық қор қазыналық қағаздарға инвестиция құйып отырғандықтан, қазыналық қағаздардың бағасының артыру жақсы ықпал етуі керек»,-деді Қ.Бишімбаев.
Дегенмен, Ұлттық экономика министрінің пікірінше, Британияның Еуроодақтан шығуы Қазақстан экономикасы үшін қатты ықпал ете қоймайды.
«Британияның бұл одақтан шығуы біздің экономика үшін тікелей үлкен ықпалын тигізе қоймайды. Бірақ, әлемде бәрі өзара байланысты болған соң, валюта курсына, шикізат ресурстарының бағасына байланысты, мұнай бағасына байланысты Қазақстан экономикасына белгілі бір деңгейде ықпал ете алады», - деді Экономика министрі.