Ұлыбританияның Еуропалық одақтан шығуы мұнай нарығына әсер етеді - Ұ.Қарабалин

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның Еуропалық одақтан шығуы мұнай нарығына әсер етеді. Бұл пікірді бүгін «Энергия болашағы және жапондық технология» атты жапондық-қазақстандық ынтымақтастық жөніндегі семинар аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген KAZENERGY қауымдастығы төрағасының орынбасары Ұзақбай Қарабалин.

Ұлыбританияның Еуропалық одақтан шығуы мұнай нарығына әсер етеді - Ұ.Қарабалин

«Бұл бағаға әсер етеді. Алғашқы қозғалыстарды өздеріңіз де байқап отырсыздар. Мұнайдың белгілі бір деңгейде төмендеуі байқалады. Қазір бағаның экономикалық негізі - мұнайдың баррелі 50 долларды шамасында белгіленуде. Баға сұраныс, өндіріс сынды нарықтық факторлар есебінен қалыптасады. Кейде түрлі саяси сәттер де ықпал ететіні бар. Мұны біз бүгінде байқап отырмыз», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 23 маусымда Ұлыбританияда елдің Еуропалық одақ құрамына шығу-шықпауына қатысты референдум өткен болатын. Оның нәтижесінде ел халқының 52 пайызы одақ құрамынан шығуды жақтап дауыс берді.