Ұлыбританияның Корольдік отбасы ханзада Уильямның әйелінің жалаңаш суретін жариялаған журналды сотқа берді

АСТАНА. 15 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның Корольдік отбасы ханзада Уильямның жары

Ұлыбританияның Корольдік отбасы ханзада Уильямның әйелінің жалаңаш суретін жариялаған журналды сотқа берді

Кембридж герцогинясы Кэтриннің жалаңаш суретін жариялаған француздық Closer  журналын сотқа берді, деп хабарлады Ресей жаңалықтар агенттігі.

«Кембридж герцогы мен герцогинясы герцогиняның омырауы жалаңаштанған суретін жариялағаны үшін француздық Closer  журналына қарсы талап арыз берді», - деп мәлім етті Корольдік отбасының өкілі. Басылымға жеке өмірге қол сұқты деген айып тағылуда.

Естеріңізге сала кетейік, жұма күні  Closer журналы 30 жастағы Кэтриннің өткен аптада Францияда демалып жүрген кезіндегі омырауы жалаңаш суретін жария еткен болатын.