Ұлыбританияның мемлекеттік басқару саласындағы жетістіктері Қазақстанның мемлекеттік қызметін қайта құруға көмектесе алады

АСТАНА. Сәуірдің 20-сы. ҚазАқпарат /Ризуангүл Садықова/ - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы жақында Академияның Мемлекеттік және жергілікті басқару институты магистранттарының Экономика және саяси ғылымдардың Лондон мектебіне (London School of Economics and Political Science - LSE) екіапталық машықтану сапарын ұйымдастырған болатын.

Ұлыбританияның мемлекеттік басқару саласындағы жетістіктері Қазақстанның мемлекеттік қызметін қайта құруға көмектесе алады
Академия магистранты Айнұр Жаңбырбаева ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында осы сапар туралы әңгімелеп берді. Өткен ғасырдың аяғында (1985 жылы) құрылған бұл ғылым ошағы әлі күнге дейін әлем ғалымдарын әлеуметтік, экономикалық, саяси, халықаралық салалардағы ұлы жетістіктерге жетелеп келеді. Заман талаптарына сай тамаша жабдықталған, профессорлық-оқытушылар құрамы жоғары білікті мамандармен жарақталған, жоғары сапалы менеджментті Лондон мектебінде халықаралық санаттағы білім алуға барлық жағдай жасалған. Бұл мектептің қабырғасында әр жылдары Нобельдік сыйлықтың 14 лауреаты жұмыс істеген, олардың қатарында Дж. Бернард Шоу, сэр Артур Льюис және т.б. есімдері аталады. Қазақстандық магистранттар машықтану барысында К. Макрелл, М. Кокс, Ф. Терри сияқты танымал ғалымдар мен М. Дакенфильд, В. Ларсениз, Э. Тельман сияқты докторлардың халықаралық қатынастар, мемлекеттік басқару мен бәсекеге қабілеттілік, әлеуметтік экономика, мемлекеттік қаржы секторы, ағымдағы әлемдік дағдарыс мәселелеріне арналған дәрістерін тыңдап, семинарларына қатысты. Оқу курсын ұйымдастырушылар қазақстандық тыңдаушыларға сондай-ақ Біріккен Корольдік Парламентінің Лордтар палатасында өткен тыңдауға, Лондон мэрінің қатысуымен өткен Лондон Ассамблеясының (жергілікті өкілетті орган) мәжілісіне қатысуға мүмкіндіктер жасады. Көптеген әлеуметтік-экономикалық проблемалар, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы мәселелер мен қоршаған ортаның ластану проблемалары талқыланған басқарманың жергілікті орган өкілдерімен болған кездесуі де қазақстандық магистранттарға өте пайдалы болды. Машықтану сапары қазақстандық студенттерге Ұлыбритания мен Қазақстанның мемлекеттік қызметтерінің ұйымдастырылуын, негізгі түйінді мәселелер бойынша көзқарастар мен пікірлерді салыстыруға зор мүмкіндік беріп отыр. Мемлекеттік секторды ұйымдастырудың кейбір идеялары студенттердің елге оралғаннан кейін жазатын тәжірибелік жұмыстарында көрініс табуы мүмкін. Академия тыңдаушылары осынау сапар барысында алған білімдерінің арқасында Ұлыбритания мен Еуроодақтың мемлекеттік басқару саласындағы жетістіктерін игеріп қана қоймайды, сонымен бірге мемлекеттік секторды ұйымдастырудағы көптеген проблемаларды шешу үшін өз ұсыныстарын жасауға мүмкіндік береді. Мен Қазақ гуманитарлық заң институтын 2002 жылы бітірдім, еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет басқармасында нотариат істері бойынша сектордың бас маманы қызметінен бастадым. 2005 жылы сол департаменттің заңгерлік қызметтерді ұйымдастыру және құқық негіздерін түсіндіру жөніндегі бөлім басшылығына тағайындалдым. Лондон сапары барысында алған тәжірибелер магистранттарға өте қажет, бұл сапар оларға мемлекеттік сектор мен басқару саласындағы жағдаймен егжей-тегжей танысуға мүмкіндік беріп отыр. Сапар қорытындысы бойынша магистранттар мемлекеттік басқару мен халықаралық экономикалық қатынастардың түрлі мәселелері бойынша тест сынақтарын тапсырды, баяндамалар мен эсселер жазды. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Лондонның Экономика мектебі сияқты таңдаулы ғылым орталығымен ынтымақтастық тәжірибесі игі істің бастамасы ғана. Сапардың жоғары деңгейде өтуіне үлкен үлес қосқан Академия ректоры Бақыт Есекинаның еңбегі зор. Мемлекеттік қызметкерлердің білімдерін арттырудың маңызын түсініп, бізге осындай сапарды ұйымдастырып отырған ел басшылығына магистранттардың атынан алғыс айтқым келеді. Сапар барысында алған білімдерімізді біз сүйікті Отанымызды әрі қарай гүлдендіре түсу үшін қолданатын боламыз.