Ұлыбританияның Премьері ЕО-ның басқару органдарын сынға алды
АСТАНА. 25 қараша. ҚазАқпарат - Еуропалық одақтың басқару органдарының жұмысына теріс бағаны блок басшыларының саммиті аяқталғаннан кейін Ұлыбританияның Премьер-министрі Дэвид Кэмерон берді.
Сонымен қатар ол Одақтың 2014-2020 жылдарға арналған ұзақмерзімді бюджетінің ұсынылған нұсқасын тиімсіз деп бағалады, деп хабарлайды Reuters.
«Брюссель (ЕО штаб-пәтерінің орналасқан жері) құдды параллельді әлемде өмір сүруін жалғастырып отырған секілді. Штат комиссиясындағы 200-ден астам адам менің айлығымнан асатын жалақыны алып отыр. Бельгияға ЕО-ның басқа елдерінен келетін қызметкерлерінің аз емес жалақысына, яғни олардың Брюссельде 3 жылдам астам уақыт тұрып жатқанына қарамастан жаңа жерде қолдау көрсету үшін аталған қызметкерлерге қосымша 16 пайыз қаржы бөлуді жалғастыруда», -деді Д. Кэмерон.
«ЕО институттары өзінің үлесін қосуға қадам жасамауының өзі - салық төлеушілерді жәбірлегенмен тең», - деп толықтырды ол.
Ол ЕО органдарының жұмысты ұйымдастыруын сын тезіне ала отырып, бірінші кезекте ысырап шығыстарды қысқарту керектігін атап өтті.
«Осы себептен кейін біз және басқа елдер ұсынылған нұсқаны қолдаудан бас тартып отырмыз. Сонымен қатар біз келісімге қол жетікізілуі мүмкін деген ойдамыз», - деп түсіндіріп өтті ол.
Естеріңізге сала кетейік, 23 қарашада ЕО-ға қатысушы елдердің көшбасшылары блоктың 2014-2020 жылдарға арналған ұзақмерзімді бюджетін бекіту бойынша келіссөздерді жалғастырудан бас тартқан еді. Олардың бұл мәселеге келіспеуі - құжаттың шығыстар бөлігін қысқарту тұрғысында саммит қатысушыларының біржақты пайымға келмеуіне негізделді.