Ұлыбританияның Жоғарғы соты Әбіләзовтың соңғы апелляциясын қабылдамады, бұл БТА Банкі активтерін қайтару үдерісін жеделдетеді

АСТАНА. 26 ақпан. ҚазАқпарат - Ұлыбритания Жоғарғы соты «БТА Банкі» АҚ директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әбләзовқа Апелляциялық сот шешіміне шағымдануға рұқсат беруден бас тартты, деп хабарлады БТА Банкінен. Ол шешімге сәйкес, Әбіләзовтың бұған дейінгі судья Найджел Тирдің шешіміне қатысты шағымы қанағаттандырылмаған болатын.

Ұлыбританияның Жоғарғы соты Әбіләзовтың соңғы апелляциясын қабылдамады, бұл БТА Банкі активтерін қайтару үдерісін жеделдетеді

БТА Банктің хабарлауынша, судья Тирдің шешімі Әбіләзовтың сотқа құрметсіздік танытқаны және өзінің түрмедегі мерзімін өтеу үшін билік органдарына берілуден бас тартуы себебінен банкпен қойылған шағым-талаптар бойынша оны қорғау құқығынан айырды. Әбіләзовқа кезекті апелляцияға беруден бас тарта отырып, Ұлыбританияның Жоғарғы соты оның Апелляциялық сот шешіміне қатысты шағымында жеткілікті қоғамдық мүддеге ие заңды негіздемелердің жоқ екендігін мәлімдеді.

Банк Әбіләзовтан екі шағым-талап бойынша 2 млрд. АҚШ долларын өндіріп алу туралы сот шешімдеріне ие болды. Сонымен қатар қазір Банк тағы 1,5 млрд. АҚШ доллары бойынша сот шешімін алу үдерісін жүргізуде және қажет жағдайда бұдан әрі де сот шешімдерін алуды жоспарлап отыр.

«Жоғарғы соттың бүгінгі шешімі Әбіләзов мырзаның заңгерлік «маневрлеріне» нүкте қояды және сотпен банктің пайдасына шығарылған шешімдерін орындау үдерісін жеделдетеді. Жоғарғы соттың шешімі Банкке Әбіләзов мырза ұрлаған активтерді өндіріп алу және қайтаруға мүмкіндік береді. Біз Әбіләзов мырзаның іс-әрекеттерінің салдарынан Банкке келтірілген шығындарды өтеу және активтерді қайтару үдерісін жалғастыруды берік ұстанатын боламыз»,-деп мәлімдеді банктің басқарушы директоры - басқарма мүшесі Павел Просянкин.