Ұлыстың ұлы күнін барша халықтың бірлесе тойлауының мән-маңызы зор - Астана қаласы өзбек этномәдени орталығы
«Қазақстан халқына Ұлыстың ұлы күнімен шын жүрегімнен құттықтау айтамын! Әз Наурызымыз баршамызға бақыт пен құт алып келсін. Еліміздегі татулық пен бейбітшіліктің туы желбірей берсін»,-деді бүгін «Қазақ елі» монументі алдында Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған шара барысында елордадағы өзбек этномәдени орталығының төрағасы Шерзод Пулатов.
Орталық басшысы Ұлыстың ұлы күнін атап өтуге өзбек этномәдени орталығы өзіндік үлесін қосатынын жеткізді. Оның сөзіне қарағанда, орталық құрамындағы ансамбль елорда аумағындағы түрлі мәдени шараларға қатысып, Әз Наурыздың мәрбесін көтеруге атсалысып жүр.
«Осы атаулы мерекеде дастархан жайып, ұлттық тағамдарды әзірлеп, мейман күтеміз. Себебі, әлемнің 30 елі мерекелейтін Наурыз достықтың, татулықтың, сыйластықтың мейрамы. Сондықтан Ұлыстың ұлы күніне баршамыз ұйымдаса қатыссақ, оның мән-маңызы арта түспек»,-деп атап өтті Ш. Пулатов