«Ұлытау» - музыка әлеміндегі Қазақстан елшісі, дейді «Manower» тобының жетекшісі

sp; ФРАНКФУРТ.  Шілденің 20-сы.   ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ -  Сенбі күні  Майндағы Франкфуртте өткен    халықаралық   рок-фестивальде    Қыдырәлі   Болманның  жетекшілігіндегі  қазақстандық  «Ұлытау»    тобы    үлкен табыспен  өнер көрсетті. 

«Ұлытау» -  музыка әлеміндегі  Қазақстан елшісі, дейді   «Manower» тобының  жетекшісі

«Manowar»   тобының жетекшісі, әлемдегі бас   рок-музыкант саналатын Джои Демайоның   шақыруымен  үздіктер қатарында өнер көрсеткен   қазақстандық топ  әуесқойларға   рок стиліндегі  қазақстандық музыканы  таныстырды.   Рок  музыкасын  жақсы көретін    бірнеше мың адам    Майндағы  Франкфурттің маңындағы Sankt-goarshausen  елді мекеніне  жиналды.     Фестивальдің ең     тартымды және   жағымды сәті  -   Джои Демайоның      қазақстандық  топты өзі таныстыруы болды.

Рок-музыканың атасы  саналатын Джои Демайо ҚазАқпарат тілшісіне  берген сұхбатында:  «Ұлытауды»    естіген  сәтте,     бұл музыканың  менің   жүрегімде ерекше  орын  алатынын  және  ол музыканың   кез-келген  елді  бағындыра алатынын түсіндім,  сондықтан да  ол топты өзім таныстырдым.   Қыдырәлі мен оның  тобы дарынды   және  оларды қолдау керек.  «Ұлытау» -   музыка әлеміндегі    қазақстандық  елші» деп   атап көрсетті.

Тағы бір   айта кететін     жаңалық,    «Ұлытауға» «Manowar»     тобының  менеджментінен    2010    жылы    бірлескен  екіжылдық  әлемдік турне   өткізу  туралы  ұсыныс түсті. Қазақстандық    дипломатиялық  ведомство  «Ұлытау» тобына үлкен    қолдау көрсетті  және  Қазақстанның Майндағы  Франкфурттағы  Бас консулы  Бейбіт  Атамқұлов Джои Демайомен болған  кездесуден кейін:  «бұл фестиваль мен  үшін   ғаламат думан  болды  және    өзінің тыңдармандары   бар   рок-музыка да кіретін  музыка әлемінің   сан-салалы  екенін осында   түсіндім.  Бүгін Қыдырәлінің  арқасында,  қазақстандық рок-музыканың  халықаралық   сахнадағы   таныстырылымы өтті  және  ол  музыка жанкүйерлерге  ұнады», деп атап көрсетті.