12:31, 23 Тамыз 2022 | GMT +5
Ұлытау облыстық Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы тағайындалды
ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат – Ұлытау облысы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы болып Хамзин Дастан Айтжанұлы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дастан Хамзин 1976 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ ұлттық техникалық университетін «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша, Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Әр жылдары Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде департамент басшысы, Премьер-Министр кеңсесінде, «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ Басқарма төрағасы қызметтерін атқарған.
Осы уақытқа дейін Нұр-Сұлтан қаласының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысының орынбасары лауазымында болды.