Ұлытау облысында алғашқы мәслихат сессиясы өтті

Осыған қарай Ұлытау облысының орталығы Жезқазған қаласында облыстық мәслихаттың бірінші сессиясы өтті.
Тарихи сессияға он екі депутаттың он бірі қатысып, мәслихат хатшысын сайлады. Үлкен жауапкершілік жүктелетін лауазымға бірауыздан «Amanat» партиясынан сайланған халық қалаулысы Бауыржан Шыңғысов тағайындалды.
Бауыржан Шыңғысовтың көп жылдар бойы мемлекеттік, оның ішінде жауапты қызметтерде, Жезқазған және Сәтбаев қалаларының әкімі болып еңбек еткен білімді, тәжірибелі, еліне жанашыр азамат екендігі аталып, депутаттар тарапынан зор сенім білдірілді.
Сессияда күн тәртібінде болған тұрақты комиссиялар құрамын бекіту, мәслихат аппаратын құру сияқты ұйымдастыру мәселелері талқыға салынды.
Ұлытау облысының алғашқы құрылған ұйымының бірінші шешімі қабылданды.
Еске сала кетейік, ҚР Президенті 2022 жылғы 16 наурызда Халыққа Жолдауында елімізде үш жаңа облыс құру туралы ұсыныс білдіріп, 4 маусымда жаңа өңірлерді құру туралы Жарлыққа қол қойған болатын.
Жаңадан құрылған Ұлытау облысының орталығы Жезқазған қаласы болады. Өңірге үш қала – Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал, сондай-ақ екі аудан – Ұлытау және Жаңаарқа қарайтын болады.