Ұлытау облысында бюджет қызметкерлері жалақысын ала алмай жүргені рас па - әкімдік түсіндірді
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ұлытау облысының әкімдігі бюджеттік сала қызметкерлері жалақысының кешіккені туралы БАҚ-та тараған ақпаратқа ресми түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Кешігу тек қазан айының басында қыркүйектің жалақысы төленген кезде ғана болды. Оның себебі облыстың бюджеттік ұйымдары әділет және салық органдарында қайта тіркелуіне байланысты. Қазіргі уақытта бюджет саласының қызметкерлеріне берешек жоқ», - делінген ресми ақпаратта.
Осыған орай, аталған өңір әкімдігі негізсіз және нақты емес мәліметтерді таратпауға шақырады.
«Мемлекеттік органдардың ресми деректеріне ғана сілтеме жасауды сұраймыз», - дейді әкімдіктен.