Ұлытау облысында «Қазақмыс» кенішінен 40 жастағы ер адамның мәйіті табылды

ҰЛЫТАУ. ҚазАқпарат - «Қазақмыс» корпорациясының кеніштерінің бірінде пышақ жарақатынан көз жұмған ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Мәйіт Бүгін «Қазақмыс» корпорациясына тиесілі «Жомарт» кенішінен табылды. Марқұм Өскеменнен іс-сапарға жіберілген Омаров атындағы шахта үңгілеу трестінің қызметкері болған. «Жомарт» кеніші Жезқазғаннан 300 км қашықтықта орналасқан.

«17 қарашада «Қазақмыс» корпорациясы кенішінің аумағында зорлық-зомбылық белгілері бар 40 жастағы ер адамның мәйіті табылды.

Бұл факт ҚР ҚК «Кісі өлтіру» 99-бабы 1-бөлігі бойынша СДТБТ-да тіркелген

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдікті адамдарды анықтау және ұстау мақсатында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп хабарлады Ұлытау облысының ПД баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар