Ұлытау облысында пойыз алты жылқыны қағып кетті

ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат - Ұлытау облысында жолаушылар пойызы алты жылқыны қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат полицияға сілтеме жасап.
None

4 ақпан Манадыр-Жомарт аралығында «Алматы-Жезқазған» жолаушылар пойызының машинисі теміржол жолдарында жайылып жүрген жылқыларды байқап, оларды соқпас үшін шұғыл тежеуді қолданған.

Бірақ апаттың алдын алу мүмкін болмады. Пойыз 6 жылқыны қағып кетті.

Көлік оқиға орнында 8 минутқа аялдады.

Аталған факті бойынша оқиға орнына жедел-тергеу тобы барды.

Малдың иесі 59 жастағы жергілікті тұрғынға ҚР ӘҚБтК 559-бабының 1-бөлігімен 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.


Соңғы жаңалықтар