Ұлытау облысында сиыр басы неліктен азайғаны белгілі болды
«Қазір өңірде ауыл шаруашылығын дамыту жұмыстары жүріп жатыр. Бұл саладағы негізгі бағыт – ет өндіру. Мысалы, өкінішке қарай, ірі қара саны 4,8 пайыз немесе 222 мыңнан 211 мың басқа азайып жатыр. Бірақ жылқының саны көбейіп келеді. Бұрын 197 мың болса, 220 мыңға артты. Халықтың көбі қой мен сиыр бағатын жұмыс күші жоқ болғандықтан жылқыға көшіп жатыр. Сондықтан қазір несиелерді ірі қара мен қой басын көбейтуге, ет өңдеуге бағыттап отырмыз», - деді әкім.
Оның сөзіне қарағанда, өңірде бағаны тұрақтандыру қоры жұмыс істейді.
«Оған Үкіметтен арнайы 1 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді. 994 тонна өнімге интервенция жүргізілді. Өткенде сауда және интеграция министрлігінің мамандары келіп әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияның жұмысындағы біраз қателікті көрсетіп кетті. Ол бір жағынан тәжірибенің аздығына байланысты. Анықталған кемшіліктерді түзеу жұмыстары жүріп жатыр», - деді Берік Әбдіғалиұлы.